«Оқитын мектеп» жобасы аясында Атбасар қаласының «№ 1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де кітапханашы Д.А. Қоңырбаева мектеп оқушылары үшін Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың мерейтойына арналған «Тамыры терең қаламгер» атты фотокөрме ұсынды.
Әбіш Кекілбаев - 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысының Онды ауылында дүниеге келген. 1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ бөлімін «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді, еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері болып бастады.
Өзінің алғашқы кітабын 1962 жылы шығарды. 50-ден астам кітап жазған, оның ішінде «Үркер» және «Елен-алаң» тарихи романдары бар. «Аңыздың ақыры», «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Байғеторлар», «Шыңырау» романының ең танымал туындылары. А.Кекілбаев қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.