2019 жылдың 28 мамырында Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев қатысуымен дарынды балалар форумы өтті. Форум дарынды балалар оқитын Ақмола облысының үздік мектептерінің бірі, №7 мектеп базасында өтті.
Ақмола облысының әкімі балаларды мектепті бітіруімен, республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі орындармен құттықтап, 38 қатысушыларды 60 000, 40 000, 20 000 теңге көлемінде сертификаттармен марапаттады.
Жеңімпаздардың қатарына Атбасар ауданының №1 орта мектебінің түлектері Елена Соломка мен Кирилл Марченко кіргені қуантады, олар 60 000 теңге көлемінде сертификаттармен, құрмет грамоталарымен, ата-аналарға алғыс хаттармен марапатталды.
Форум қатысушылары үшін құттықтау концерті жарқын сыйлық болды.
Іс-шара ерекше әсер қалдырды және аксиоманы тағы да растады: біздің еліміз әрқашан жастарға қамқорлық жасайды. Форумның әрбір қатысушысы прогрессивті жастардың алдына шығып, Қазақстан гүлденген елге айналуы үшін барлық білім мен күш-жігерді салулары тиіс!
Соломка Елена, 11 сынып оқушысы