Текст
2024 жылғы 18-20 қараша аралығында Көкшетау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті, оған Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы - Дильназ Кабильдинова қатысты. "Экономика" секциясы бойынша "Интернет - сатудың тиімділігі" тақырыбында өзінің зерттеу жұмысын ұсынып, Дильназ құрметті 2 орынның иегері атанды.
Оқушымызды құттықтаймыз, одан да үлкен биіктерге жетуді тілейміз!