Өрт сөндіру-құтқару бөліміне Экскурсия - бұл балаларға өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығы туралы айтып қана қоймай, оларды күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелеріне үйретудің тамаша тәсілі. "Балапан" мектеп жанындағы алаңның балалары қаланың өрт сөндіру бөліміне барды. Балаларға құтқару шаралары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Балалар бөлімше аумағында болып, техника мен жабдықтарды көрді. Сонымен қатар, өрт сөндірушілердің тұрмысымен және қарауыл қызметін атқару шарттарымен танысты. Оқушылар өрт сөндіру машиналарын үлкен қызығушылықпен қарап, мұқият тыңдады. Іс-шара өскелең ұрпақты патриоттық танымға, жағымды моральдық-адамгершілік қасиеттерге, құндылық бағдарларына тәрбиелеу мақсатында өтті. Экскурсия соңында балалар өрт сөндіру-құтқару бөлімінің жеке құрамына өте қызықты және танымдық экскурсия үшін алғыстарын білдірді, онда олар көптеген жаңа ақпарат алды.
Маркер Л. М. - бастауыш сынып мұғалімі