Ағымдағы оқу жылының 29 қарашасында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ – де жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 8-11 сыныптардағы жасөспірім қыздар арасында ақпараттық – түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: жасөспірімдерде ерте жүктілік мәселесі, олардың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілік және алдын алу шаралары туралы қажетті білімді қалыптастыру. Кездесу мектептің педагог-психологы Г.Е. Дауренбекованың, мектептің медицина қызметкері Н.А. Дьяченконың, Атбасар ауданаралық ауруханасының психологы Г. С. Жақсалықованың қатысуымен өтті. Атбасар ауданаралық ауруханасының медбикесі В. Н. Шевченко "АИТВ, ЖИТС алдын алу"тақырыбында сөз сөйледі. 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС күні-АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС эпидеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында құрылды. Іс-шара соңында спикерлер оқушылардың сұрақтарына жауап берді.