Текст
2021 жылдың 11 қаңтарында мен балалармен “К нам приехал Снеговик” тақырыбында қашықтықтан сурет салу сабағын өткіздім. Біз шеңбермен және оның қасиеттерімен таныстық; сенсорлық стандарттарды қоршаған әлем объектілерімен байланыстыруды үйрендік; сонымен қатар фигуралардың орналасуындағы заңдылықты анықтауды үйрендік; балалардың дөңгелек пішіні, заттардың мөлшері туралы білімдерін бекіту; бөлшектерді дұрыс орналастыра отырып, сурет салуды үйрендік. Сабақ барысында балалар жақсы көңіл-күй мен тәжірибе алды, бұл оларға әрі қарай оқуда пайдалы болады.
Мектепалды сынып тәрбиешісі Смадьярова Ш. З.