«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Етістіктің шақтары

13.01.2021

Бүгін 6сынып оқушыларымен етістіктің шақтарын  өтіп,қайталадық. Сабақ барысында  оқушылар етістіктік дегеніміз не? Етістік қандай сұрақтарға жауап беретінін айтып,талдады. Етістіктің шақтары: осы шақ,келер шақ,өткен шақ.

 Өткен шақ.Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.

Осы шақ.Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

Келер шақ.Сөйлеп тұрған кезден кейін болатын іс-қимылды білдіретін шақ түрі. Мысалы:  Кітапханага ертең барамыз.Ауылға жол түссе бармақпыз. Келер шақ жасалуы мен мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп үшке бөлінеді.

Қорыта келгенде оқушылар бүгінгі сабаққа белсенді қатысып,өз білімдерін ары қарай жетілдірді.

Бегалина Р.Б.

Просмотров: 552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст