Текст
Адамзат қай заманда болмасын салауатты өмір салтына, салауатты ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген Оқу орындары өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыруға, нығайтуға көп көңіл бөледі. Атбасар қаласының № 1 ОМ үстел теннисінен секциялар өткізіледі. Үстел теннисі-әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Бұл қызықты, пайдалы спорт түрі. Аталған спорт түрі бойынша 2-5 сынып оқушылары үшін секциялар өткізіледі. Жаттықтырушы Куатбеков Омырзак Базылович. Ол өз ісінің шебері, үлкен педагогикалық тәжірибесі мол дене тәрбиесі мұғалімі. Өмірзақ Базылұлы Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері. ҚР құрылуының 10 жылдығына арналған медальмен, Атбасар қаласының 175 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапатталған.