«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен кемшіліктері

21.01.2021

Қашықтан оқыту дегеніміз – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонеттен тұрады. Олар оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып келеді. Қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын атап айтар болсам: Оқушы – өз қалауы бойынша білім алу мүмкіндігі, яғни, сабақтың уақытын, орнын және ұзақтығын дербес жоспарлай алады. Ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде жұмыс істеу, уақытты үнемдеу мүмкіндігіне ие болады. Оқушының мектепте отырмай-ақ, білім қажеттіліктерімен шектелмеуге мүмкіндік береді. Ал, кемшіліктеріне келетін болсам: Оқушыға күшті мотивация қажет болады. Мотивация  болмаған жағдайда сыртқы бақылаусыз оқудың қарқыны төмендейді. Себебі қашықтан білім алушы оқушы барлық оқу материалдарын дербес оқиды. Бұл ерік-жігер, жауапкершілік пен ұстамдылықты талап етеді. Қашықтықтан оқыту жаңа технологияларды, жаңа бағдарламаларды игеріп, профессионалды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Барлық оқытушылар мен оқушыларға тілерім осындай қиын сәттерде еңбектері мен білім алуда үлкен сәттілік, шыдамдылық, төзімділік!

Просмотров: 534


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст