«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұйра қошақан

25.01.2021

Заман ағысына сай  біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Шәкірт қабілетін жан-жақты   дамытып,шығармашылығын ізденімпаздығын ұштай білу үшін тәрбиеші өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. 25 қаңтар  күні «Айналайын» шағын-орталығында «Бұйра қошақан» атты ұйымдастырылған аппликация оқу іс-әрекеті өтті. Балдырғандар үй жануарларын бір – бірінен ажырата алды, төлдерін дұрыс атап, көрсетті. Сұрақтарға толық жауап берді. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында балалар сулықпен,ермексазбен, мақтамен , жіптермен қойдың жүндерін жасады.Желімді  алып, «бұйра жүндерді» бір – біріне жақын қойып , қозының денесін толтырып, қошақанға  жабыстырады . Қағаздан жұлмалап қию арқылы қошақанның бейнесін жапсыра білуді меңгерді. Мақталарды үзіп алу   арқылы қойдың жүндерін жасау техникасын үйренді.Тәрбиеші тәрбиеленушілерді жұмысты тез және ұқыпты істеуге,жапсыру  тиімді (домалату,созу,орау, ширату) тәсілін пайдалануға, мақта ,ермексаз орынды жұмсауға, жұмыс орнын таза ұстауға бағыттады. Ақпараттық технология заман талабы. Тәрбиеші сабақ барысында бірнеше технологиялар қолданды мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, электронды ойындар, көрнекіліктер. Балалар өз білімдерін жақсы көрсете білді. Жаңуарлар туралы тақпақтары айтылды. «Қошақан » әнін топ қыздары нақышына келтіріп орындап берді. Қызықты дидактикалық ойындар «Ненің төлі?» ,« Даусынан таны» ойнады.Жұмыс аяқталған соң, « Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар өздері жасаған жұмыстарына баға бреді.

Қарлығаш» тобының тәрбиешісі: Жакупова. А.А.,

Просмотров: 1085


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст