Текст
15 ақпанда қашықтықтан "Ерлік сабақтары"тақырыбында сынып сағатын өткіздім. Балалар Ауған соғысының тарихы туралы білімдерін кеңейтіп, алды. Сынып сағатының барысы слайдтық презентациямен сүйемелденді. Келешекте бәріміз сол жерден оралмайтындардың бәрін есте сақтауымыз және біліміз керек. Олардың әрқайсысы өз міндетін соңына дейін орындағанын және біздің жадымызға лайық екенін ұмытпаған жөн. Соғыстан қайтып оралмағандардың аналары мен әкелері өздерін жалғыз сезінбеуі баршамыз адамгершілік танытуымыз қажет. Біз бейбіт уақытта өмір сүріп жатырмыз және әрқашан сәулесі мол, шуғағы жылы жарқын күн мәңгі жарқырайтынына сенімді болуымыз керек.
Мектепалды даярлық тәрбиешісі Ш. З. Смадьярова