Шет тілі апталығы аясында Атбасар қаласының № 1 ЖББМ 7 ,8 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде эссе байқауы өткізілді. Эссе тақырыбы "English speaking countries ". Көптеген оқушылар осы байқауға қызығушылықпен қатысты. Дәл осы жерде олар халықаралық қарым-қатынас тілі болып табылатын ағылшын тілін үйренуге деген көзқарасын білдіре алды. Эсседе балалар Ұлы Британия мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігінде, АҚШ-та, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Үндістанда, Африка елдерінде ағылшын тілінде сөйлейтіндерін атап өтті. Ағылшын тілі-Канаданың ресми тілдерінің бірі. Ағылшын тілі-әлемдегі ең танымал және кең таралған тілдердің бірі. Эссенің мазмұны әртүрлі болды, бірақ оларды бір негізгі ой біріктіреді - қазіргі әлемде ағылшын тілін білу және үйрену қажет және өте маңызды. Байқауға қатысушылар ағылшын тілін білу көптеген есіктердің"кілті" екендігіне сенімді. Ағылшын тілін үйрену арқылы біз әдемі қалалар, танымал адамдар, көптеген елдердің тұрғындарының салт-дәстүрлері туралы білеміз. Әр оқушы ағылшын тілін үйренетін және ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың үлкен қауымдастығының кішкентай бөлігі болып табылады. Эссе байқауының қорытындысы бойынша 8 сынып арасында жеңімпаздар анықталды: 1-ші орын-Власова Юлия 8"А" сынып, 2 - ші орын-Асаева Марем 8"А" сынып, 3 - ші орын-Абенова Жанель 8"Б" сынып. 7 сынып оқушылары арасында 1 - ші орын-Капашева Адиля 7"А"сыныбы, 2 - ші орын-Исмазова Дияна 7"А" сыныбы, 3-ші орын-Лысенко Виктория -7"Б" сыныбы. Шет тілі апталығы аяқталғаннан кейін барлық оқушылар грамоталармен марапатталады.
Ағылшын тілі мұғалімі Е. Алиферкина