18 қарашада 4«В» сыныбында «Әлемді бағындырған жересіміз» - «Біздің отандастарымыз, барша әлемді бағындырған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты балалардың танымдық қызметін жандандыру, олардың ой-өрісін кеңейту, балаларды отандық спорт тарихы туралы таныту, елдің спорттық жетістіктеріне оң адамгершілік баға беру, отандық спорт батырларына оң көзқарас қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстан спортшысымен, біздің жерлестерімізбен, Республикамыздың ең мықты ауыр атлетшісімен таныстырды. Анатолий Михайлович Храпатый - спортшы, 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері, ауыр атлетикадан бес дүркін әлем чемпионы және бес дүркін Еуропа чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1984).