8Б сыныпта «Бір Отан – бір отбасы» атты сынып сағаты онлайн форматта өтті. Мұғалім оқушыларға презинтация арқылы сұрақ қойып, оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, сынып сағатына белсенді қатысты. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Сынып сағаты өте қызықты өтті, іс-шараның соңында балалардың назарына Отанымыз-Қазақстан туралы видео ролик ұсынды.
Сынып жетекшісі Бакиянова К.К