«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күні

26.02.2021

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы № 173 Жарлыққа қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алғыс айту күні» туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн  - мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Осы күнге орай №1 жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушылары флэшмоб ұйымдастырып, видео ролик жасап шығарды. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын әрдайым естерімізде сақтайық. Өмірдің әрбір сәтін бағалай біліп, ұстаздарымызға, ата-анамызға және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпайық, ағайын!

6 «А» сынып жетекшісі Кайрбекова К.Д.

Просмотров: 548


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст