Текст
28.11.2024 жылы №1 ЖББМ 4 "А" сынып оқушылары "Ілияс Есенберлин атындағы әдеби мұражайға"барды. Экскурсия жетекшісі оқушыларды жазушының өмірбаянымен, оның шығармашылық жолының негізгі кезеңдерімен таныстырды. Балалар Ілияс Есенберлиннің көптеген ғасырлар бойы туған жерінің тарихын жинап, көрсеткенін білді. И. Есенберлиннің негізгі идеясы-қазақ халқының тарихын бейнелейтін "Көшпенділер" тарихи трилогиясы. Экскурсия соңында балалар мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ата-бабаларымыздың ұлттық құндылығын білу-өскелең ұрпаққа жүктелген жауапты міндет.
Бастауыш сынып мұғалімі: К. Мақажанова