2024 жылғы 4 желтоқсанда «Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Атбасар ауданы прокурорының орынбасары А.А. Сабиев, ЮПТ аға инспекторы С.С. Тоқжуманова, ЮПТинспекторы Б.Т. Рахымжанов оқушылармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Оқушыларға заңнаманың негізгі нормалары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтылды.
Мектептегі, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға айналадағыларға құрметпен қараудың және моральдық нормаларды сақтаудың маңыздылығы ескерілді.
Мұндай әңгiмелесу жасөспiрiмдерде құқық бұзушылықтың салдарын түсiнудi қалыптастыруға ықпал етедi, оларды жауапкершiлiкке үйретедi және қателiктердi болдырмауға көмектеседi.