Текст
Психология апталығы аясында 4 сынып оқушыларымен «Өзімді басқаруды үйренемін» тақырыбында арт-шеберхана өткізілді. Арт-шеберхана оқушылардың эстетикалық дамуына бағытталған және олардың табиғи құмарлығы мен байқаушылығын, қиялын дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, психология апталығы аясында оқушылар «Алаңдаушылық пен стресс: оны қалай шешуге болады?» тақырыбындағы стендтік ақпаратпен танысты.