Текст
Дидактикалық ойындар білім алушыларда назар аудару, қиялдау, есте сақтау, ойлау сияқты процестердің еріктілігін дамытуға мүмкіндік береді және ойын жаттығулары арқылы есептеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. 5 «В» сыныпта білімді өзектендіру кезеңінде «пазлдарды жинау» ойын қолданамын, білім алушылар пазлаларды жинағаннан кейін, келесі жағында тақырыпқа сұрақтар немесе мысалдар тауып, оларға жауап береді. Себебі біз «қарапайым бөлшектер» бөлімін оқимыз және оқушылардың түрлерін ажырату үшін сандардан бөлшектер жинаймыз. Сабақта QR кодтарын қолданамын, бірақ оларды пайдаланар алдында оқушылар кодтарды тауып, телефон арқылы сканерлейді, браузерде біз тақтада шешетін мысал пайда болады.