Текст
Көктеммен қатар бізге керемет те, шырайлы мереке - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. 8 Наурыз-көктемнің ең ғажайып, ең нәзік, жылылық пен мейірге толы мерекесі! Бұл - күн сәулесімен, әйел затының мейірімен, күлімсіреуімен жылынып, қаптаған гүл шоқтарымен әрленетін, нәзіктікпен бейнеленетін ерекше шұғылалы күн.
6 наурыз күні 4" В "сыныбында қашықтықтан оқыту форматында әйелдер күніне арналған "При солнышке тепло, при мамочке добро" атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Дайындық мереке басталғанға дейін басталды. Балалар өлеңдер, әндер оқып, көріністер дайындады. Сүйікті аналарына арнап өз қолдарымен құттықтау карталарын, тосынсыйлар жасады.
Автор: Гемальская Ю. А.