Текст
2021 жылдың 4 наурызынан бастап "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі"КММ мектеп асханасының жұмысы жаңартылды. Асхана күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, оқушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайында жұмыс істейді. Тамақтану залында бір мезгілде 50-ден артық бала болмайды, залдың толтырылуы отыратын орындар санының 50% - ын құрайды. Аталған нормалар Ақмола облысының Бас санитарлық дәрігерінің 26.02.2021 жылғы №10 қаулысына сәйкес орындалды.