14.01.2025 ж. «Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері аудандық семинар өткізді. Осы шараға білім бөлімінің әдіскері А.Абикенова және аудандық мұғалімдер қатысты. Семинар қатысушыларын 6 «В» сынып оқушылары жақсы көңіл-күймен қарсы алды және педагогтермен ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Исмаганбетова Т.А. 10 «Б» сыныбында «Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі», Жакупова М.И. 7 «Б» сыныпта «Онлайн сөздік қарадың ба?», Кайрбекова К.Д. 9 «А» сыныпта «Өмір бойы білім алу - бәсекенің талабы» атты ашық сабақтарын өткізді. Мұғалімдер замануи, инновациялық технологияларды: жасанды интеллект, QR код, онлайн сөздіктер, сайттар қолданып, сабақтың мақсаттарына жете алды. Ұстаздар әр оқушыға көңіл бөліп, деңгейіне сай тапсырмалар берілді. Әр кезең бағаланып отырды: өзара, бірін-бірі. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақтарды жоғары деңгейде бағалады. Бағдарлама бойынша, Исмаганбетова Т.А «Иновациялық технологияларды тиімді қолдану» атты шеберлік сыныпты өткізді. Инновациялық технологияларды игеру мұғалімдердің өз жұмысында қолдануға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен тәсілдер көрсетті. Мұғалімдерге семинардың осы түрі өте пайдалы болды деп ойлаймыз. Олар жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасып, өз білімдерін жаңартты. Семинардың соңында білім бөлімінің әдіскері А.Абикенова және мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қорытынды шығарып, ұсыныс білдірді.