Текст
2021 жылғы 18 наурызда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ асханасында "адал дүкен"акциясы өткізілді. Жобаның басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді, атап айтқанда адалдықты, парасаттылықты және өзін-өзі дамытуды қалыптастыру болып табылады.
Оқушыларға сатушыны алмастыратын арнайы қорапта адалдық қағидаты бойынша төлем қалдырып, нан өнімдерін сатып алуға мүмкіндік берілді. Біздің оқушылар акцияға қуана қатысып, өздерін адал және парасатты адамдар ретінде көрсетті.