Текст
17 қаңтарда 1 "Б" сыныбында еңбекке баулу бойынша ашық сабақ өтті. Сабақта достық қарым-қатынас пен эмоционалды позитив атмосферасы сезілді. Оқушылар жұмбақтарды шешіп, ертегілерді еске түсіріп, көлемді фигураны мүсіндеді. Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері қолданылды. Сабақ соңында балалар Үй жануарларына қалай күтім жасау керектігін айтып, сүйіспеншіліктерін жүрек түрінде көрсетті.