Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ педагог-психологы Г.Е. Дауренбекова 9-11 сынып оқушылары арасында "Кәсіби ниет"тақырыбында қашықтық форматта сауалнама жүргізді. Диагностиканың мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын, бейімділігі мен қабілеттерін анықтау, кәсіптер әлемі және еңбек сипаты туралы түсініктерді қалыптастыруға жәрдемдесу. Оқушыларға Google формасындағы сұрақтар ұсынылды. Жауаптар статистикасы диаграммада көрсетілді.