Текст
5 сәуір 2021 жылы 2-ші «Г» сыныбында «Көктемде балалардың салқын тиіп сырқаттануының алдын алу»
тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мақсаты: тыныс алу жолдарының аурулары, алдын алу шаралары туралы білімді қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету.
Әңгімелесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Тәулік режимі
2. Дұрыс тамақтану
3. Шынығу .
Балалар әңгімеге белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді. Олар өздерінің күнделікті әдеттері, жақсы әдеттері туралы әңгімеледі. Әңгіме соңында балалар салауатты өмір салтына көбірек көңіл бөлу керек деген ортақ пікірге келді.