Текст
2021 жылдың 20 сәуірінде "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 11 сынып оқушылары Қарағанды техникалық университеті ұйымдастырған "Ашық есік күні" конференциясына қатысты. Конференция мектеп оқушылары мен ата-аналарды университетпен таныстыру мақсатында өткізілді. Түлектерге болашақ мамандықты таңдау, оны қолдану саласы және оқыту бағдарламасы мәселелері бойынша білікті ақпараттық қолдау көрсетілді.