Текст
2021 жылдың 20 сәуірінде "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ педагогтары адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтымен ұйымдастырылған вебинарға қатысты.
Еліміздің қосымша білім беру ұйымдары адамгершілік-рухани құндылықтарды сабақтан тыс іс-шаралар жүйесіне интеграциялау тәжірибесімен бөлісті. Біздің мұғалімдердің секцияларды, үйірмелерді, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру кезінде осы тәжірибені практикада қолдануы білім беру кеңістігіне "өзін-өзі тану" бағдарламасын кешенді іске асыруға ықпал ететін болады.