Бүгінгі таңда орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыру жолдарына төмендегідей талаптар қойылады:
*қазақ тіліне тән дыбыстардың орфоэпиялық нормаға сай айтылуына назар аудару;
*оқушылардың белсенді сөздік қорын қалыптастыру;
*әрбір үйретілген сөзді тұрақты түрде есте сақтау мақсатында ұдайы қайталау отыру;
*сөз бен сөзді дұрыс тіркестіру;
*байланыстыра сөйлем құрау заңдылықтарын меңгеру;
*пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жас балалардың тілін дамытудың бір жолы ол - көрнекілік пен ойын. Ойын арқылы түрлі тілдік жағдай туғызып, балалардың түрлі тақырыпта сөйлеуіне жағдай жасауға болады. Ойын түрлері баланың сөйлеу тілін дамытуда жақсы нәтиже береді: «Екі әріп», «Қара жәшік», «Сұрақтар жаңбыры», «Суретті әңгімеле» т.б.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (суреттер, сызбалар, портреттер, модельдер) көрсету қолданылады. Сабақта қолданылатын түрлі көрнекіліктер оқушыларды әртүрлі ойлау әрекетіне бейімдейді. Түсіндірілген материалды саналы түрде меңгеруге ықпал жасайды.
Жакупова М.И. қазақ тілі мен әдебиеті