Текст
27.02.25 1 ЖББМ-де 6-сынып оқушылары арасында "Be the Best" тақырыбына қызықты сыныптан тыс іс-шара өтті. Оқушылар ағылшын тілінен білімдерін, тапқырлығын және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, сайыстарға, викториналарға және командалық ойындарға қатысты.
Балалар жұмбақтарды шешіп, шығармашылық тапсырмаларды орындап, жылдамдыққа жарысып, белсенділік танытты. Шара достық пен қолдау атмосферасында өтті барлық катысушылар мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.
Бұл іс-шара оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай, оларды ағылшын тілін одан әрі үйренуге ынталандырды!