2020-2021 оқу жылының аяқталуы жақындап келеді. Қашықтықтан оқыту режимінде дене шынықтыру сабақтарында 4 тоқсанның қорытындысын шығаратын уақыт келді. Күнтізбелік және қысқа мерзімді жоспарлау негізінде 6,7,8,10 сынып оқушылары сынақты онлайн режимінде ,үй жағдайында өтеді.
Онлайн сынаққа келесі түрлері кіреді:
1.Күш гимнастикасы, яғни қолды жатып тіреп бүгу (саны / 30 сек)
2.1 минут ішінде жатып тіреуден денені көтеру
3. Отырудың екпіні-жатып қалу.
4.Затқа тірелген Планка (1 мин)
5.Арқанмен секіру спринт орнында жүгіру (саны/30 сек)
6.Бастапқы позиция бір рет тұрып, екі рет жатып, үш секіруден тұрады.
Сынақ кезеңін қашықтықтан оқитын барлық оқушылар өтеді. Балаларға бұл сертификаттау әдісі ұнайды және мұғаліммен кері байланыс бар. Сондай-ақ, оқушылар спорт түрлері бойынша бейнероликтер ,онлайн мектеп платформасында теориялық тапсырмалар және бағалау жүргізілетін фотолар құрастырумен айналысады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шпиц-Берг М. Ф.