2021 жылдың 21 маусымнан бастап"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен пән мектебі өз жұмысын бастады. Мектепке 6 «А» сынып оқушылары белсенді қатысып жүр.
Пән мектебінің мақсаты:
1.Оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
2. Оқу кезіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін тереңдету;
3. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ барлық санитарлық қауіпсіздік нормаларды сақтай отырып өтеді.Сабақтың басында балалар бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер тілеп, көніл-күйлерін көтеріп алады. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдер, ойын түрлері қолданылады. Топтық жұмыс жасағанда, балалар өздерін еркін сезініп, қaбілеті мен икемділігін бекітіп, әлсіз oқушылaр оқуғa ниет білдіріп, өзіне деген сенімділік пайда болады. Балалар бір-біріне көмектесіп, сабаққа қызығушылық танытады.
Пән мектебінің жетекшісі: Кайрбекова К.Д.