Текст
Мектепте қазақ тілі пәні бойынша лингвистикалық ауысым өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгін " Қызықты ойындар" тақырыбы бойынша сабақ өткізілді.Оқушылар сабақта түрлі тапсырмалары бар ойындарды қызығушылықпен,көңілді ойнады. Ойын түрінде өткен сабақта "Жоғалған əріптер", " Кім тапқыр", "Бəйге" ойындары өткізілді. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. Сабақ соңында барлық оқушы "Көңілді жаз" əнін қуанышты көңіл- күймен орындады.