Бүгін, яғни 8-шілде күні жоғары сыныптар арасында лингвистикалық ауысымда «Қазақ тілі – баба тілі» атты қызықты тапсырмалар орындалды. Еліміздің ертеңі – сендер! Тіл тағдырының ұлт тағдырымен тығыз байланысты құдіретті күш екені жайлы ойланып көрдің бе?Тіл – тұмар! Тұмар – халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Тіл – елдіктің туы! Туды жықпай, тек биікте желбірету керек. Осы бойтұмарды үкілеп болашаққа апару, ұрпақтар ісін жалғастыру дәстүрі саған да тән. Оған сен де үлес қосасың менің шәкіртім! «Еркін пікір алаңында» ой бөлісу өтті:Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші. Сен бұл сөзге қандай дәлел қосар едің?«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» (Б. Момышұлы). Балалар қазақ тілі туралы өз пікірлерімен бөлісіп, оның қоғамдағы орны туралы айтты.Келешекте көп тіл меңгере отырып, өз ана тілімізді қорғай білуге шешім қабылдады. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исина Гүлназ Рысбаевна