Текст
Бүгін қазақ тілі лингвистикалық тобында балалармен «Кім жылдам?» ойыны өткізілді.Олар берілген сөздерден жаңа сөздер ойлап табудан жарысты.Бұл ойын өте қызықты және оқушының логикалық ой-өрісін дамытуға зор ықпал етеді.Жұмысты тартымды, жылдам , үлкен ынтамен орындаған балалар өз істеріне дән риза болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Исина Г.Р.