Текст
Мектебімізде қазақ тілі пәні бойынша лингвистикалық ауысым өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін «Грамматикалық тапсырмалар» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ басында балалар «Көңілді күн» шаттық шеңберінде тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтты. Сонымен қатар балалар түрлі грамматикалық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа өте белсенді қатысты.
Берілген мәтіндерді оқып, мазмұны бойынша бір-бірлеріне сұрақтар қойды. Мәтін бойынша гүл қиындыларында берілген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар гүл қиындыларындағы сұрақтарға тапқырлықпен жауап берді. Балалар үйлеріне жақсы көңіл- күймен кетті.