Текст
Бүгін шілденің 26-сы күні қазақ тілінен лингвистикалық ауысымда асық ойындары туралы қызықты сабақ өтті. Сабақтың мақсаты асық ойындарын дәріптеу, үйрету,асық атауларымен және түрлерімен таныстыру. Сабақ басында асық ойындары туралы бейнетаспа көрсетілді. Балалар бейнетаспадан «Асық ату» ойынының ойнау ережесімен танысып, асықты қолда ұстау, лақтыру техникаларын көрді. Содан кейін балалар ашық аспан аясында,таза ауада «Асық ату» ойынын ойнады.Сабаққа балалар қызығушылықпен,белсенді қатысты. Балаларға ойын ұнады. Сабақ соңында қоржындағы асықтардың нөмерлері бойынша сабақ бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Балалар қуанышты көңіл-күймен үйлеріне кетті.
Камисс Мейрамгул