Текст
Шілденің 29 - ы күні қазақ тілінен лингвистикалық аусымда тағы бір қызықты сабақ өткізілді. Балалар ертегілер еліне саяхаттады. Сабақтың мақсаты ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру,ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Бейнетаспадан «Бауырсақ», «Қызыл телпек» ертегілерін көрді. Ертегілердегі кейіпкерлер туралы әңгімеледі. Содан кейін ертегілерді рөлдерге бөліп оқыды.Сабақ соңында «Бауырсақ», «Қызыл телпек» ертегілерін сахналады. Ертегілер әлеміне саяхат кезінде оқушылардың қуанышында шек болмады.
Камисс Мейрамгуль