Қол еңбегі бала үшін қызықты, оның дербестікке деген құлшынысын қанағаттандырады өздігінен жұмыс жасау, өзіндік бақылау және шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Қолдан түрлі бұйымдар жасау кезінде балалардың табандылық,мақсаткерлік, зейінділік қабілеттері қалыптасады. Әрекет пен алған нәтиже арасындағы байланыс балаларға түсінікті болады. «Шебер қолдар»үйірмесі-балалардың шығармашылығын, ақыл ой қызметін, эстетикалық талғамдары мен конструкторлық ойлауын дамытушы керемет орта. «Шебер қолдар»үйірмесінде 1- 30 маусым аралығында 11 бала жұмыс істеді. Жұмыстар әр баламен жеке тұрғыда ұйымдастырылды. Балалар сабақтарға қуана қатысып, қызыға жұмыс жасады. Өздерінің керемет жұмыстарымен ата-аналарын,әжелері мен аталарын қуантты. Балалардың эстетикалық және көркемдік талғамдары дамыды,еңбек дағдылары мен біліктері жетілдірілді.
Ю.Гемальская
\