2021 жылдың 12 тамызында Ақмола облысының педагогикалық қауымы үшін тамыз конференциясы өткізілді. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық конференция өтті. Облыс мектептерінің педагогтары өз жұмыс тәжірибелерімен, педагогикалық шеберліктерімен, жинақталған дағдыларымен, сабақ өткізу әдістерімен бөлісті. Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығы өзекті тақырыптардың бірі болып, қызу талқыланды. Бұдан басқа, сөз сөйлеген әріптестер білім берудің жаңартылған мазмұны аясында өздерінің жұмыс нысандарымен, қашықтықтан оқыту форматымен, интернет ресурстарды, жаңа цифрлық технологияларды пайдаланумен байланысты жұмыс дағдыларымен бөлісті.
Утеуова А. Б., орыс тілі және әдебиеті мұғалімі