2021 жылдың 13 тамызында облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясын онлайн режимде өткізу аясында Атбасар ауданының информатика пәні мұғалімдерінің пәндік секциясы өтті. Мәжіліске ауданымыздың мұғалімдері қатысып, конференция барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері қаралды. Конференцияны Сағындықова Айдана Мәуленқызы өткізді. Спикерлер: Омарова А.Б. (Ақмола), Көлбаев М. Ж. (Көкшетау, Әл-Фараби лицейі), Шрейнер О. В. (Ақмола облысы, Щучинск қаласы информатика мұғалімдерінің үйлестірушісі). (Жарқайың), Таутина Ж. К. (Ақкөл), Дударева М.А. (Ақмола). Педагогтер 1, 7 және 8 – сыныптардың жаңа форматтағы оқулықтары, оқушылардың академиялық тілін дамыту, цифрлық құралдарды қолдану, цифрлық сауаттылықтың базалық дағдыларын игеру, үштілділікті пайдалану, STEAM-оқытуды қолдану, ауыл балаларының IQanat олимпиадасына қатысуы бойынша мәселелерді талқылады.
Секция белсенді конструктивті режимде өтті, достық жағдай педагогтарды шығармашылық қуатпен толтырды!
Герасимова Е. В.