2021 жылдың 18 тамызында білім беру мекемелері қызметкерлерінің тамыз конференциясын онлайн-режимде өткізу аясында Атбасар ауданының география мұғалімдерінің пәндік секциясы өтті. Отырысқа ауданымыздың педагогтары шақырылды. Конференцияның мақсаты жаңа оқу жылында географияны оқытудың негізгі басымдықтарын анықтау болды. Конференция барысында Ақмола облысы білім басқармасының әдіскері С. А. Құлжанова "2021-2022 оқу жылындағы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері туралы "нұсқаулық-әдістемелік хат түсіндірілді. Конференция спикерлері қысқартылған ҮОЖ-ға ауыстыру жағдайында күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау жасау, функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде жобалау-зерттеу қызметі, оқушылардың картографиялық сауаттылығын қалыптастыру сияқты маңызды тақырыптарды қозғады. Қаралған тақырыптар біздің ауданымыздың педагогтары үшін өте өзекті және пайдалы болды.
К. Зинченко, география пәнінің мұғалімі