Бүгін "Бөбек" ҰҒПББ орталығы базасында педагогтарға арналған "Өзін – өзі тану-үздіксіз адамгершілік-рухани тәрбиенің негізі"тақырыбында тамыз конференциясы өтті. Конференцияға ҚР БҒМ мен аймақтық білім басқармаларының өкілдері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының "Өзін-өзі тану" пәнінің жетекшілері мен педагогтары, ата-аналар қатысты.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Амангелдіқызы Асылова, "Бөбек" орталығының бас директоры Елена Николаевна Сакенова, гуманитарлық педагогика халықаралық орталығының президенті, академик, профессор, ғылым докторы Шалва Александрович Амонашвили, Грузия, Тбилиси қ., құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылардың назарына "өзін-өзі тану" бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бейне үндеуі көрсетілді.
Тамыз кеңесі 2 бөлімнен тұрды және күні бойы өткізілді. Конференция жұмысында "өзін-өзі тану" пәні бойынша өзекті тақырыптар қаралып, қызықтырған сұрақтар мен ұсынымдарға жауаптар берілді.
"Өзін-өзі тану" ӘБ жетекшісі Т. Альбрехт