Текст
Өткен аптада "Өзін-өзі тану " РБҰ бағдарламасын іске асыру жағдайында оқу-тәрбие процесін бақылау және бағалау" тақырыбында вебинар өтті.
Оқу үдерісіндегі маңызды буындарының бірі-білімді игеруді бақылау. Бұл сабақта да, сабақ жүйесінде де білімнің қаншалықты толық және терең игерілгенін көрсетеді, сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға түзетулер енгізеді.
Әр түрлі білім беру мекемелерінен келген әріптестер оқу-тәрбие үдерісін бақылау және бағалау саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Пайдалы, жан-жақты ақпарат пен практикалық мысалдардың үлкен көлемі.
Пәннің негізін құрайтын рухани-адамгершілік тәрбие және жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылды.
Смагулова Г.