Текст
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл. Ол 1841 жылы Торғай жерінде дүниеге келген. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балқожа тәрбиеледі.Ол қазақ әдебиетін өзінің өлеңдерімен және әңгімелерімен байытты. Ыбырай "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел,балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.