Текст
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті № 1 жалпы білім беретін мектепте 23 қыркүйекте оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында қазақ руханиятында терең із қалдырған, Кеңес Одағының Батыры, ғалым, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің жан дүниесінің мінсіз тазалығымен ерекшеленетін тарихи тұлғаға арналған "парасаттылық сағатын" өткізді.Акцияның басты мақсаты – ұлы тұлғаның еңбектері арқылы өскелең ұрпаққа әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарын сіңіру болды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наймушин Д. Г.