Олимпиада-дарынды балалармен жұмыс жасаудың көпшілік мойындаған нысандарының бірі. Олимпиадаға қатысу баланың жеке басын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады, басталған іс үшін жауапкершілікті, мақсаткерлікті, еңбексүйгіштікті тәрбиелейді.
2021 жылдың 22 қазанында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ 5-6 сынып оқушылары "АЛТЫН САҚА"республикалық олимпиадасының аудандық турына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің оқушылар: 5 "В" сынып оқушысы Гильманова Елизавета және 5 "А" сынып оқушысы Кубарь Эвелина екінші орын, 6 "А" сынып оқушысы Крыжная Яна 3 орын алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Олимпиаданың әр қатысушысының алған тәжірибесі, әрине, негізгі мектеп бағдарламасына пайдалы қосымша болады, математикадан білімін тереңдетуге ынталандырады