Биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл. Мемлекетіміздің азаматтары 30 жыл бойы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді, елде түрлі жаңалықтарға байланысты өзгерістер болды. Мерейтой күнін мерекелеу қарсаңында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқушылары "Бір шаңырақ астында"атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының көмегімен өз қолөнерінде отансүйгіштік, махаббат,өз Отанына деген құрмет сезімдерін білдірді. Әрбір шығармашылық жұмыс мемлекетіміздің тарихи оқиғаларын, біздің жас елордамыз Нұр-сұлтанның бірегейлігін көрсетті. Сонымен қатар,көркем еңбек мұғалімі К.К. Шокаковтың қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихына байланысты жасаған бұйымдары көрменің сәнін келтірді. Әрбір шеберлікпен орындалған жұмыс Тәуелсіз Қазақстан Республикасында бір шаңырақ астында өмір сүретін қазақ халқының ерекшеліктерін, халықтың бірлігін,тұтастығын көрсетті.