Текст
6 желтоқсанда "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ педагогтарына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Бейбітшілік пен келісім жолымен" фильмі көрсетілді. Бұл фильмде республикамызда тұратын этностар, Тәуелсіздік жылдары салынған бірегей нысандар, ғимараттар туралы баяндалады. Сондай-ақ фильмнің маңызды мазмұнының бірі Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйыстырушы рөлін ашу болып табылады. Фильм Тұңғыш Президенттің егемен Қазақстанның қалыптасуындағы зор рөлінің дәлелі болды.