2021 жылдың 8 желтоқсанында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ үстел ойындары бойынша облыстық турнирдің ашылуы өтті. Облыстық ауқымдағы жарыстар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойын мерекелеу қарсаңында өтуде. Біріншіліктің ашылу салтанатына спорт ардагерлері Қуатбеков Өмірзақ Базылұлы мен Пономаренко Анатолий Степанович қатысты. Құттықтау сөзі Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер өлкетану және экология орталығының директоры Арман Ғалымтайұлы Өмірзақовқа берілді. "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Наймушина Наталья Георгиевна құттықтау сөз сөйледі. Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуға тиіс. Біздің Қазақстанымыз мықты, еркін және бақытты болуы үшін салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады! Біздің жас дарындарымыздың жарыстардағы жеңістері үлкен спорттағы жаңа жетістіктерге серпін болатынына сенімдіміз. Барлық қатысушыларға үлкен жеңістер мен жетістіктер тілейміз!